Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында үшқабатты 72 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Мердігер «Альянс ЛТД» ЖШС. Нысан келесі жылдың І тоқсанында халық игілігіне беріледі.
- Аудандағы тұрғын үйге деген кезекті жою мақсатында 2020 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Форт-Шевченко қаласынан 48 пәтерлік 1 тұрғын үй, 16 пәтерлік 1 тұрғын үй және 8 пәтерлік 2 тұрғын үй , барлығы 80 пәтер пайдалануға берілген болатын. Биыл Форт-Шевченко қаласындағы үшқабатты жалдамалы төрт тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Аталған нысанның үш қабаты қаланып, ішкі инженерлік желілері тартылуда. Нысан сыртқы инженерлік желілерінің сыртқы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, 2022 жылдың І тоқсанында берілетін болады», - дейді Түпқараған аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Н. Мұхан.