Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «El Umiti» бастамасы аясында әзірленген «Елбасы Медалі» жобасына қатысқан түпқарағандық үш оқушы «Қола медаль» иеленді. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Олар Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Нұрғабылова Гүлдана, 10-сынып оқушысы Алшын Гаухар және 9-сынып оқушысы Сағынбай Мұхаммеджан. Әрбір қатысушы білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейтуге жағдай жасау мақсатындағы білімдерін 7 бағыт бойынша саралады. Осы деңгейден сүрінбей өткен түпқарағандық оқушылар, елбасы медаліне ие болды.
Айта кетейік, «Елбасы Медалі» жобасына аудан мектептерінен 133 оқушы қатысқан. Шілде айынан бастау алып, алты айға созылған жобада барлық тапсырмалардан сүрінбей өткен оқушылар қола медальмен марапатталды.