• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 21 Қырк. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Электр энергиясын талан-таражға салып жүрген кімдер?...

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды ...

Кадрлық тәжірибе алмасу - маңызды...

Боранқұлдағы өрт: Жараланғандардың жеке бас деректері белгілі болды...

Маңғыстаудың денсаулық сақшылары «Сенімге» сенеді...

  • USD: 425.73 ₸
  • EUR: 498.32 ₸
  • RUB: 5.8 ₸

Амал - алашқа ортақ мереке

21 наурыз, 12:20  |  Түпқараған

Ақшұқыр ауылында Амал мерекесі кең көлемде тойланды. Әдеттегіше киіз үйлер тігіліп, дастархан жайылды. Ән мен күйден концерттік шара ұйымдастырылды. Ақшұқырдағы ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарды аудан әкімі арнайы құттықтап, көрісе барды.

Амал - ынтымақтың, татулықтың мейрамы. Бұл күнді асыға күткен көпшілік қыстың аязды күндерінің артта қалғанына қуанады. Жайма-шуақ күннің жақсылық ала келетініне сенеді. Бір-бірімен төс қағыстырып көрісіп, емен-жарқын сәлемдескен халықтың көңіл-күйі бүгін көтеріңкі. Үлкендердің берген ақ батасында «Ақ мол болсын!», «Бас аман болсын!», «Болашақ жарқын болсын!» деген жақсы тілектер де молынан айтылып жатты. Мерекелік шараны ашып берген Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақов: - Амал - шуақты мейрам. Бұл күні жыл бойғы өкпе-реніш кешіріліп, адам да, табиғат та жаңа түрге енеді. Ақшұқырдағы амал тойына жиылған қауым да қыстан аман шыққанын тойлап, шат-шадыман күй кешуде. Жақсылық ұзағынан болғай, жақсы күндеріміз көп болсын, - деген тілегін жеткізді.

Дәстүрден таймаған ақшұқырлықтар тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап 30 түп көшет отырғызу рәсімін жасады. Дәл бүгін бұл рәсімнің жасалуы жас көшеттердің көктемнің шуағынан нәр алып, жер ананың баурайынан өсіп-өнетініне сенді. Сүт, айран құйды. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» дегенді естіп өскен ұрпақтың бұлай жасауы заңдылық іспетті.

Ақшұқыр ауылының тұрғыны Марат Қани Амал мерекесінің ауылда тойлануына қуанышын жеткізді: - 14-наурыз – ескіше жылдың басы. Осы орайда барша жерлестерімді айтулы жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. «Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл жарылқасын». Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын», - деді.

Ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі де өтті. Ал сол жәрмеңкеге келгендерге ұйымдастырушылар тарапынан қыс бойы сақтаған сүр мен қымыз ұсынылды. Ал Амалға арналған мерекелік кештің негізгі бөлігі мәдениет үйінің ауласында орналасқан киіз үйлерде өтті. Өнерпаздар ән айтып, би билеп, мерекеге жиналған көпшіліктің мерейін өсірді. Ауылдың қыз-келіншектері өнерпаздар қойылымын тамашалай келгендерге, ауыл үлкендеріне наурыз көже мен бауырсақ ұсынып, ізет білдірді. Ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.

***

Амал мерекесін қызылөзендіктер де тойлады. Бұл күні ертемен мейрамға байланысты жас көшеттер отырғызу рәсімі жасалды. Кейін ауылдық мәдениет үйінде өткен мерекелік концертке ұласты.

- Наурыз мерекесін маңғыстаулықтар ерте тойлаймыз. Наурызды бұрынғыларымыз Амал деп әсемдеген. Оның мағынасы «Жаңа күн» екенін де көпшілігіміз білеміз. Әлемде болған пандемиялық жағдайға байланысты көптеген мерекелік шаралар тойланбай қалды. Өкінішті, әрине. Наурыз мейрамын асыға күткендеріңіз сезіліп тұр. Жер ана иіп, Арқаның ызғары ішін тартып, өкпе-реніш ұмытылып, арқа-жарқа көрісетін күн. Жаңа күннің парағы жақсылықпен басталуда. Лайым да солай болғай, - деді ауыл жұртын мейраммен құттықтай келген аудан әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев.

«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деген ескі мақал бар емес пе?! Бұл күні көрісіп келген жастарға ақсақалдарымыз батасын берді. Кимешек киген өнерпаз әжелер сахнада ән орындап, жас өнерпаздарға үлгі көрсетті. Жастар да бұл күні қазақи нақыштағы ұлттық киімдерін киіп, ән де орындады, би де биледі.

Наурыз көжесіз мерекенің сәні болар ма?! Әдеттегіше, ең дәмдісі өзара сынға түспегенмен, көпшілікке жететіндей мол көже тойлаушы қауымға ұсынылды. Көже пісірушілер үлкеннің де, жастың да жақсы ықыласына бөленді. Одан бөлек, мәдениет үйінің дәлізінде ұлттық өнерді дәріптейтін қолөнершілердің бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Қазақи ұлттық киім, құрақ түрлерінен көрпе, жастық көрмеде арзан бағада сатылымға түсті.

Ауыл жастары арасында қазақ халқының дәстүріне айналған кір тасын көтеру, қол күшін сынасу, арқан тартыс секілді ұлттық спорттық ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаз жастар ауыл әкімінің арнайы дипломы, медальдары және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Өз тілшіміз

4064
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
аудан тынысы Түпқараған
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Түпқарағандық үш оқушы Елбасының қола медалін иеленді

Келесі жаңалық

Түпқарағандық оқушылар сегіз күндік жаяу жорықты аяқтады

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Санақ арқылы мемлекетте ең үлкен мәліметтер базасы қалыптасады

    17 қыркүйек, 10:26
    143

    Жолдауда барлығымызға ортақ мәселелерді шешу тапсырылды

    10 қыркүйек, 10:15
    464

    Серікбай Трұмов түпқарағандық шаруалардың жай-күйімен танысты

    23 тамыз, 09:47
    1062

    Ақшұқырда 160 орындық спорт кешені салынып жатыр

    23 тамыз, 09:39
    1014

    Түпқарағанда еріктілер 3 тоннаға жуық қоқыс жинады

    16 тамыз, 10:17
    1179

    Біз сіздермен 90 жыл біргеміз

    6 тамыз, 13:50
    1456

    Рубрикалар

      Ашық қоғамРухани жаңғыруӘлем жаңалықтарыЭкономикаМаңғыстау жаңалықтарыМұнайлыРедакция туралыӘдебиетEXPO - 2017ТағайындауХабарландыруБайланыс мәліметтері

    Автордың басқа да жазбалары

    «Урманов Е.К» ЖК қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:50
    169

    «Нарембаев А.Б» ЖК-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:43
    170

    «Ақ жол құрылыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:41
    160

    «ММД-БекРыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:32
    152

    Сенек - көне қоныс, көркейген ел

    17 қыркүйек, 11:20
    296

    Вакцинациялау вирустың таралуын азайтады

    17 қыркүйек, 11:01
    218

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»