• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 4 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Біз сіздермен 90 жыл біргеміз

    [ 2021 ] 6 тамыз, 13:50  |  Түпқараған

    «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Ұлт жазуының реформаторы Ахмет Байтұрсынов айтқан осы айқындама ақпараттық қоғам қанша жерден цифрланғанымен құндылығын жойған жоқ. Өйткені газет – жұртшылықты жағымды жаңалықтармен сүйіншілеп, руханиятқа бойлататын, билік пен халық арасын байланыстыратын саяси, қажетті құрал. Ал қажеттіліктен ешкім де бас тартпайтыны анық.

    Түбектің тұңғыш үнжариясы болған «Жаңа жұртшылық» газетінің құрылғанына бүгін 90 жыл толып отыр. 1931 жылдың 5 тамызында халыққа жаңалық жаршысы болып, мұң-мұқтажын жеткізіп келе жатқан аудан баспасөзінің алғаш саны жарық көрген. Айтулы мерейтой аудан айнасы ұжымы үшін айрықша қуанарлық жәйт. Осы тұста, аудандық басылымның тарихына бойлап, тоғыз ондықтағы шежіресіне қысқаша тоқталуды жөн санадық.

    Қазіргі аудандық «Ақкетік арайы» газетінің тарихы сонау 1931 жылдан басталады. Отызыншы жылдардың басындағы «Адай көтерілісі» деген атпен тарихқа енген халықтық дүрбелең түбекте газет шығару ісін жеделдеткен құбылыстың бірі болды. Маңғыстау жұртшылығына Үкімет тапсырмаларының дер кезінде жетпейтіндігі, уездің өзіне төл баспа құралы қажеттілігі айтылды. Сөйтіп 1931 жылдың 5 тамызында елге партия мен үкімет саясатын жеткізуші тұрақты үгіт, насихат құралының бірден-бір көзі болып, Маңғыстау аудандық партия, аудандық Еңбекшілер депутаттары атқару комитетінің, кәсіподақтардың органы «Жаңа жұртшылық» газеті жарық көрді. Газет төтеше араб харпімен басылды. Газеттің жарыққа шығуы жоғарыда айтқан республика үкіметі комиссиясының келуіне тікелей байланысты еді. Газеттің алғашқы санында үнжарияның шығарылу мақсаты туралы редакциялық мақала, аудандық партия, атқару комитеттерінің құттықтаулары және Үкімет комиссиясының жұмыс барысы туралы есеп жарияланған. «Жаңа жұртшылық» айына 5 рет шыққан. Бастапқы сандары 1000 данадан, соңғылары 1500 дана болып шықты. Кейін тиражы қаржы жетіспеуіне байланысты азайған.

    1932 жылдан бастап газет атауы «Колхоз жолы» болып өзгерді. Елдің сауаттануына байланысты оқырмандар саны артып, төрт бет болып латын харпінде шығарыла бастады. «Колхоз жолының» редакторлары болып әр жылдары Ғ.Нұрышов, Ж.Қызылбайұлы, Т.Мұхамбетов, Қ.Сүйімбаевтар басқарып, газеттің халықтың тірегіне, жаңалықтар жаршысына айналуына үлкен үлес қосты. Редакцияға 1934 жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа кириллица қаріптері келіп, енді орыс тілінде тапсырыстар қабылдайтындығы туралы хабарландырулар жариялаған. Ал 1940 жылдан бастап толықтай кирилицамен шығып отырған. Газет редакциясы мен баспа үйі ол кезде Форт-Шевченко қаласы, Киров көшесінің 92 үйінде орналасты.

    1950 жылдан бастап газет атауы «Ленин туы» болып өзгерді. Газеттің және аудандық баспахананың редакторы болып көп жылдар бойы М.Бимағамбетов қызмет атқарды. 1962 жылдың көктемінен бастап Қазақстан Коммунистік партиясы облыстық комитетінің шешімімен аудандық баспаханалар мен газеттер өз жұмысын тоқтатады. 1957-1961 жылдар аралығында газет редакторының орынбасары, баспасөз қызметін тоқтатқан жылдары редактор болып қызмет еткен Жәңгірхан Смағұлов бүгінде көзі тірі тоқсанға аяқ басқан ең үлкен ардагерлеріміздің бірі.

    Аудандық басылымның 90 жылдық тарихы аз уақыт емес. Осы аралықта аудандық жалғыз баспасөз аудан халқымен, оның тұрмыс жағдайымен, әлеуметтік-рухани жай-күйімен бірге жасасып келеді. Өзінің алғашқы санынан колхоз құрылысының жемісін, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын, балық аулау ісін насихаттаудан бастаған газет соғыс жылдарындағы, одан кейінгі кезең тудырған түрлі жағдайларды үзбей жариялап келді.

    Мұның айқын айғағы – сол кездерде газет бетінде берілген түрлі айдарлармен жарық көрген мақалалар қайнаған тыныс-тіршілікті аңғартса керек. Сонымен қатар әйел теңдігі, көп әйел алушылыққа тыйым, маскүнемдікпен күрес тақырыптары да газет беттерінде көрініс тапқан.

    Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін аудандық газетке деген сұраныс оянып, араға көп жылдар салып аудан өз үнжариясын қайта қолға алды. Солай 2002 жылы «Түпқараған жаңалықтары» газеті дүниеге келді. Ал бүгінгі «Ақкетік арайы» атауы 2004 жылы өзгертілді. Сол жылдардан бері қарай газетте Е.Іңірбай, М.Кемер, М.Елеусінова, А.Қыдыр, К.Қансұлтанова, редакторлық етті. Егемендік алғаннан кейінгі тұста да аудан үнжариясы азаттық айбынын, ел жетістіктерін назардан тыс қалдырған жоқ. Оның берісінде ауданның тыныс-тіршілігін үнемі ақпараттандырып, басылым көзі қарақты оқырманның көзайымына айналды.

    Тарих еншісінде қалған 90 жылдық белесте аудандық газетте небір мықтылар жұмыс істеген. Қарымды қаламгерлер мен мықты журналистерінің осы аудан айнасының қалыптасуына қосқан еңбектері орасан зор. Олар туралы материалдарды биылғы аудан үнжариясы мерейтойы барысында жариялайтын боламыз

    Аудандық газет көтеретін мәселе де аз емес. Атап айтқанда, адамгершілік, Отаншылдық, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау, ана тілінің мәртебесін көтеру, имандылық, ұлтаралық бірлік пен татулық, тұрмыстық-әлеуметтік мәселелер, ауыл шаруашылығы, мәдени сала, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, тағы басқа тақырыптар - газет мазмұнының өзегі. Бір сөзбен айтқанда, аудандық газет ауданның тыныс-тіршілігін толық қамтып, аудан айнасы болу мақсатын ұстанады. Талай толғақты кезеңді бастан өткеріп, уақыт көшінен қалмай, оқырман құрметіне бөленген Түпқараған аудандық «Ақкетік арайы» газеті алдағы уақытта да тәуелсіз елдің төл басылымы бола бермек. 90 жылдық жылнаманы түгендей отырып, жаңа белестерді бағындыратын болады.

    Жадыра ЖОЛДАСОВА

    2660
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Аудан тынысы Түпқараған
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Түпқарағанда 90 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты

    Келесі жаңалық

    Түпқарағанда еріктілер 3 тоннаға жуық қоқыс жинады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Рахат Елтизаров шаруа қожалықтарын аралады

      2 тамыз, 19:21
      2498

      Түпқарағанда балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

      15 шілде, 12:31
      3244

      Басқұдық ауылының тұрғындары көптен алынбаған қоқыс қалдықтарынан сасық иіс шығатынын айтты

      11 маусым, 10:14
      3697

      Түпқарағанда ауданаралық көлік жолы 5 жылдан бері неге аяқталмай тұр?

      16 мамыр, 16:28
      4193

      Тұщықұдықтағы өнегелі отбасы

      15 мамыр, 11:32
      6014

      Түпқарағанда Жеңіс күні мерекесі аталып өтті

      9 мамыр, 13:02
      4287

      Рубрикалар

        ЖарнамаАшық қоғамТағайындауДенсаулықҚызық дерекЭкономикаРухани жаңғыруМаңғыстау жаңалықтарыӘдебиетМәселе

      Автордың басқа да жазбалары

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      Бүгін 10:06
      77

      Маңғыстаудағы ірі мұнай компаниялары жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға келісті

      Бүгін 09:51
      47

      Туған өлке тарихын толғаған

      31 қазан, 17:51
      497

      Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды

      31 қазан, 11:45
      312

      Маңғыстау облысының әкімі Нұдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады

      31 қазан, 10:11
      277

      Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс хан ұлттық музейіне барды

      29 қазан, 15:36
      268

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»