Түпқарағанда еріктілер теңіз астынан 3 тоннаға жуық қоқыс қалдықтарын жинады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шараға Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі Сайран Қылыш та қатысып, еріктілермен бірге теңіз астына түсті.
Әкім арнайы су асты киімін киіп, құрлықтан 100 метр қашықтықтағы теңіз астындағы қоқыстарды шығаруға атсалысты.
- Біз осыған дейін елдімекен тұрғындарының назарын ауыл ішіндегі қоқыстарға аударып келдік. Дегенмен, қоқыстардың бір бөлігі теңіз астында екені жасырын емес. Басты мақсатымыз - тұрғындар назарын аудару, теңіз жағалауына демалу мәдениетін қалыптастыру", - деді ауыл әкімі.