• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 23 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

Есенғали Раушанов Маңғыстауға келгенде (ФОТО)...

«КазАзот» мекемесінің 40 қызметкері вакцина салдырды (ВИДЕО)...

Ақтауда «Grandmart» сауда желісі ашылды...

  • USD: 432.21 ₸
  • EUR: 520.38 ₸
  • RUB: 5.67 ₸

Ақкетіктен шыққан тұңғыш командир

12 наурыз, 15:31  |  Түпқараған

Маңғыстау жері – қасиетті әулиелер мен батыр, ержүрек ерлердің мекені. Бұл даладан от сөзді, орақ тілді шешендер де, ел бастаған көсемдер де, жадына тарихты сіңірген небір жыршы, жыраулар да шыққан. Зеңгір аспанның биіктігімен таласатын өр рухтан нәр алған халықтан мұндай дүлдүлдердің шықпауы да мүмкін емес еді. Солардың бірі – Төлесін Нұрмағанбетұлы Әлиев.

Төлесін Әлиев – қазақтың тұңғыш атты әскер полкінің командирі. Ол 1892 жылы 10 наурызда Форт-Александровскіде (қазіргі Форт-Шевченко қаласында) өмірге келген. Отбасылық жағдайы төмен болған. Әкесі Нұрмағанбет үлкен қиыншылықпен ұлын 2 сыныптық орыс-қазақ училищесіне оқуға береді. Ата-анасынан қатар айырылып, оқуын аяқтай алмастан мал бағып, жалданып еңбек етіп кетеді. Сол кезде Ресейде болып жатқан толқулар Маңғыстау жеріне де келеді. Жергілікті халықты күшпен басады. Топ ортада Төлесін де сөз сөйлейді. Оны бүлік бастаушы ретінде ұстап алып кетеді. Ол түрмеден қашып шығып, ауылына оралмай, бірден Ашхабадқа барады. Сол жерде күнкөріс қамымен ұсақ-түйек жұмыстармен айналысып жүреді.

1916 жылы тыл жұмысына алынып, сол жерде окоп қазып жүріп, соғыс қимылдарын үйренеді.

Кейін Әліби Жангелдиннің отрядына қосылып, Жангелдиннің сенімді адамдарының бірі болады. Сол кезде Ақтөбе майданы отряды құрылып жатқан кез еді. Төлесіннің де отряд жұмыстарына зор еңбегі сіңді. Отряд талай қиыншылықтарды басынан кешірді. Төлесін взвод командирі болды. Аса қырағылықпен ұрыс жұмыстарына кіріскен оның алғырлығы барлығын тәнті ететін еді.

1918 жылы Ақтөбе майданынан кейін Ә. Жангелдин отряды Торғай даласына барды. Бұл кезде Төлесін эскадронның командирі қызметіне көтерілген. Тап сол кездегі ақтар мен қызылдар арасындағы соғыс аса тартысты деңгейде болды. Екі жақ та мықты дайындықпен ұрымтал ұрыс әдістерін меңгерген еді. 1919 жылы сәуір-мамыр айларында Колчактың шабуылынан қашқан партизан әскерлері Торғай мен Ырғыз даласынан тікелей Шалқар стансасына келеді. Арал түбінде болған үлкен ұрыста Колчак әскерлері жеңіліс табады. Ақтөбе майданы талқандалды. Осы жерде әскер қатарына еріктілер де қосылып, еріктілерден құралған тұңғыш дербес қазақ-орыс атты әскер полкі жасақталды. Басшысы болып қазақ Төлесін Әлиев тағайындалды.

Атты әскер полкі Ырғыз жерін азат етті. Артынан Грузия жерін де азат етуге атсалысты. Батыр 1940 жылы 40 жасында Алматы қаласында өмірден өтті.

Төлесін Әлиев – ер жүректілігімен, алғырлығымен көзге түсіп, өзінің ғана емес, майдандастарының да өмірі үшін аса жауапкершілікпен азамат соғысы кезіндегі көрсеткен ерен еңбегі үшін «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Қай заманда болсын қазақ халқы қанындағы батырлығын жоғалтпаған. Төлесін Әлиев те – сондай қаһармандардың бірі. Өз заманының батыры.

Биыл Төлесін Әливке 129 жыл толып отыр. Талай баһадүр тұлғалар шыққан Маңғыстау даласынан әлі де талай қырандар шығатынына сенім мол.

Нұржан ДУМАНҚЫЗЫ

1712
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
аудан тынысы Түпқараған
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ауыл баласы робот құрастырады

Келесі жаңалық

Түпқарағандық үш оқушы Елбасының қола медалін иеленді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Амал - алашқа ортақ мереке

    21 наурыз, 12:20
    1227

    Түпқарағандық үш оқушы Елбасының қола медалін иеленді

    12 наурыз, 17:40
    1469

    Ақкетіктен шыққан тұңғыш командир

    12 наурыз, 15:31
    1713

    Ауыл баласы робот құрастырады

    7 наурыз, 11:26
    1580

    Түпқарағандық тұрғын малдың майынан иіс сабын шығарады

    5 наурыз, 12:01
    1800

    «Ақкетік арайы»: Тоқсан жыл бойы түбектің тынысы болды

    4 наурыз, 12:02
    1895

    Рубрикалар

      Мұнайлы Түпқараған Байқау Қарақия Денсаулық Экономика Сұхбат Сараптама Маңғыстау жаңалықтары Ашық қоғам анонс Қызық дерек

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстауда 2021-2030 жылдары балық шаруашылығын дамытуға бағытталған өңірлік бағдарлама жасақталды

    Кеше 16:30
    100

    Маңғыстауда 16 мыңнан астам адам екпе алды

    Кеше 16:20
    64

    26 сәуірден бастап қоғамдық тамақтану орындарында «Аshyq» мобильді қосымшасы іске қосылады

    Кеше 15:57
    62

    Қазақстанда волонтерлік қызметке қандай қолдау көрсетіледі

    Кеше 15:25
    84

    Қоғамдық кеңес отырысы өтті

    Кеше 15:10
    67

    «Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу полигондарында тазарту жұмыстары басталды

    Кеше 10:42
    107

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»