• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 20 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

    Есенғали Раушанов Маңғыстауға келгенде (ФОТО)

    [ 2021 ] 16 сәуір, 18:16  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Бүгін қазақ қоғамы, қазақ поэзиясы қара жамылды. Сөзбен сурет салып, қоғамның артық-кем тұсын қара өлеңге сыйдырған Есенғали Раушанов өмірден өтті.

    «Дәл осылай болатынын сезгем мен,

    Ғұмырым.

    Сенен кеткенмен ештеңе жоқ өзгерген,

    Тірімін»

    Ия, бұл фәниден ақын өткенмен, есімі мен өлеңі ел жадынан өшпейді. Мәңгілік тірі болатыны хақ.

    Осы ретте mangystaumedia.kz сайты архивінде сақталған ақын жайлы естеліктер мен Маңғыстауға келген сапарындағы суреттерді ұсынуды жөн көріп отыр.

    Маңғыстау жұрты «Есенғали аға – Маңғыстаудың баласы» деп жиі айтатын еді. Осыдан үш жыл бұрын ақынның 60 жылдық мерейтойы Маңғыстау төрінде тойланды. Бәрінің есінде болар. Сонда белгілі журналист Сауытбек Әбдірахманов:

    «Есенғали өте сирек сұхбат беретін ақын. Сондай сұхбаттың бірінде ол былай дейді: «Талай жерде айтып жүрмін. Қай кезде де жасырмай айтамын. Мен бар жердің баласымын. Жеті атамыздан бері жілік үзілмеген тұқымбыз. Қорлыққа, мазаққа, иттікке, тексіздікке шыдамайтындармыз. Бақытым да, бақытсыздығым да сонда. Намыс деген бізде басқаша аударылады». Бұл сөз Есенғалидің тектілігін көрсетеді емес пе? Әрбір ақын, әрбір қаламгер Есенғалиға қарыздар. Мен ақынның 1957 жылы туғанына шүкіршілік етемін. Жаңа ғана 60 жасқа толып отыр. Біз 60 жасымыз келсе жылап көрісер едік. Өйткені Есенғалидің бозбала болып өскен кезі қоғам мен қоғам, заман мен заман ауысқан өтпелі кезеңге дәл келді. Бұл оның әрі драмасы, әрі бақыты. Есенғали мектепте жүргенде қазақ тоқырау кезеңнің шегіне жетті. Есенғали жігіттіктің жайлауына шығып, 25-ке келгенде Кеңес дәуірінде үлкен үрдістер орын алды. Есенғали 30-ға жетпеген шағында Желтоқсан оқиғасы болды. Соның бәрін жас кезінен көріп, өзегінен өткізді. Бұдан кейін тәуелсіздік келген заманда қилы-қилы кезеңнен өтті. Бұл да Есенғалидің санасының сүзгісінен өтті, жүрегіне жетті. Қазақтың басынан өткен қилы тағдыр Есенғали әлемін байыта білді. Екінші жағынан, ақын өлең өнерін өзіне тән ерек стилімен байытты!» - деп ақынның адамдық болмысы мен ақындық қабілеті жайлы естелікпен бөліскені есімізде.

    Ақын шығармаларында сөз бен ой үйлесім табады, оны сезіне біледі. Жаңашылдыққа ұмтылғаны, таптаурын түсініктерден жаңа сипат алғаны байқалады. Өмірде кездесетін кереғар сәттерді көркем суреттейтіні тағы бар. Өлеңдері ешкімді өкпелетпей-ақ сана мен жүрекке тез жетіп, өзіңді тануға, өмірді тануға тәрбиелейді. Сонысымен ақын шығармашылығы – құнды.

    Жыл басында Есенғали Раушанов Маңғыстауға келіп, өзінің тұңғыш пьесасы «Құнанбай мен Абай» жайлы айтып, жергілікті журналистермен кездескен еді. Сонда ол «Көркем әдебиеттің мұратын ешкімге ұқсамау» деп қабылдайтынын айтты. Және сол мұратқа жетті.

    «Абай жолы» эпопеясында Мұқаң сомдаған Абай бейнесі, Мұқаң сомдаған Құнанбай бейнесі сіз бен бізге бала кезімізден етене таныс. Ал сіз бен біздің бүгінгі тамашалағалы отырған пьесасының ерекшелігі – Мұқаң жасаған бейнелерден қашып, өзгеше бейне жасауға талпындық. Бір нәрсені ашық айтайын, бұл дегеніміз ұлы Мұқаңды жоққа шығару деген сөз емес. Сондай-ақ «Абай жолын» жоққа шығару деген сөз емес. Бұл жаңа бір дүниеге деген талпыныс. Әдетте көркем әдебиеттің мұратын ешкімге ұқсамау деп қабылдаймын. Сондықтан да ерекше туынды шығаруға талпындым», - деген еді ақын, жазушы Есенғали Раушанов.

    Өткенді қайта еске алсақ, Есенғали кешінде ақын Светқали Нұржан: Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Пайғамбарлық менімен тоқтайды. Менен кейін ақындар келеді» деп айтқан екен. Бұл сөздің жаны бар. Есенғалидің өлеңдері шырын хадистерден бастау алады», - деп теңеу берген еді. Енді, міне, Есен ағаның қазасын естіртіп отыр. Өкінішті...

    «Жалғаннан Есенғали ағам көшті!

    Ол дағы нар құлжадай аран кешті!

    Пір Бекет, Абай-әруақ ертіп келген

    Жетектеп жүре берді тәмам көшті...

    Уа, көшті!

    Көшті деймін Есен ағам,

    Сумиып қала барды көсе-ғалам...

    Не айта алам, Көкмойнақ-жыр түн ішінде,

    Кісінеп: «Ием қайда?» - десе маған?..

    Өткенде ең соңғы рет сөйлескенде: «Сәуірдің ортасында Маңғыстауға жетем ғой, - деп еді. Етегін жаба сала Құдайды жырлап келген шайырдың аузына Тәңір-Тағала салған екен ғой...

    Баяғы бозбала шағыңда сонау Сыр бойында жүріп: «Анам маған айтады Маңғыстауын, 360 әулие күңіренген», - деп жырлап ең, Маңғыстауың күңіреніп жатыр таң атқалы...

    Сен көктем сайын өлердей сағынып қауышатын құстар жетім қалды ғой, Аға-жаным-ау! Орныңды сипап қалды ғой, жан-көкем-ау!

    Таң атқалы аға-бауыр, қарындастарың еңіреніп кетті, Ес-аға! Иран-Ғайып, Несіпбек Дәутай, Ақсұңқарұлы көкелерің, Тыныштықбек, Шәкизада, Ертай, Ғалым Жайлыбай замандастарын, Гүлнәр, Жанат, Гүлімай, Әлия, Бақыткүл қарындастарың, Сәрсен, Бауыржан, Дәурен, Маралтай, Ауыт, Әнуар, Жанат, Ербол інілерің көз шолалары жасқа толып, көңіл-шарамды телегей-теңіз қылды! Сол теңіздің үстінде аққуша самғап сен ұшып барасың, Ес-аға! Келмей қойған көктемнің, кешіккен құстарыңның алдынан қарсы алуға аттандың ба?..

    Бақұл бол! Атаң Бекеттің шапағатында бол! Не дейін басқа...

    Жұлдызай ҚАЛИЕВА

    Суреттер Талант ҚҰСАЙЫН архивінен

    17624
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Маңғыстау жаңалықтары Фото
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Аймақта «Аshyq» мобильді қосымшаға арналған пилоттық жоба басталады

    Келесі жаңалық

    Е.Раушановтың рухына құран бағышталды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      3592

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      4536

      Үстіртте кемпірқосақ көрінген күн (ФОТО)

      [ 2019 ] 17 қыркүйек, 09:59
      6580

      С.Әбдіналиев: Бұл - Қазақстанға чемпиондарды сыйлаған сайыс (ФОТО)

      [ 2017 ] 4 қазан, 09:22
      2361

      Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы үшемдері ЭКСПО-да волонтер болып жүр (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 26 шілде, 10:17
      2722

      Ел шебін күзету-ерекше міндет (ФОТО)

      [ 2017 ] 21 шілде, 06:02
      2613

      Рубрикалар

        Ашық қоғамАНТИКОРСұхбатӘдебиетЖаңалықтарМәдениетРедакция ұжымыЖарнамаҚазақстан жаңалықтары

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау жастары «Жарқын болашақ» бағдарламасымен колледждерге оқуға түсе алады

      23 тамыз, 14:18
      3642

      Нұрдәулет Қилыбай Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілін қабылдады

      23 тамыз, 14:14
      1266

      Адам папиллома вирусына қарсы вакцина қаншалықты сенімді?

      23 тамыз, 13:46
      1332

      Бүгін Ақтауда бірнеше шағынауданда жарық пен су болмайды

      22 тамыз, 10:39
      543

      Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы: Маңғыстаулық айтыскер 1-орын алды

      17 тамыз, 22:45
      437

      Ақтау мен Алматы арасындағы әуе рейстің саны артады

      17 тамыз, 21:49
      329

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»