• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 19 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

8 сәуір күні Ақтауда ауыз су беру уақытша тоқтатылады...

«Ардагерлерге құрмет»: Бозжыра шатқалына саяхат...

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

Ақтауда тұрғындарды вакцинациялау жүріп жатыр...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

  • USD: 430.39 ₸
  • EUR: 515.52 ₸
  • RUB: 5.68 ₸

Автордың қатысуымен «Құнанбай мен Абай» пьесасы сахналанды

29 қаңтар, 16:38  |  Мәдениет

Кеше Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында «Құнанбай мен Абай» пьесасы сахналанды. Алдымен пьеса авторы Есенғали Раушанов, облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Сармурзина, Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров, театр сыншысы Анар Еркебай және театр директоры әрі қойылым режиссері Гүлсина Мерғалиеваның қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында қойылымның ерекшелігі мен маңыздылығы сөз болды. Айта кетейік, «Құнанбай мен Абай» пьесасы Есенғали Раушановтың драматурия саласындағы алғашқы туындысы. Десе де төл туынды көптің көңілінен шығып үлгерді.

«Абай жолы» эпопеясында Мұқаң сомдаған Абай бейнесі, Мұқаң сомдаған Құнанбай бейнесі сіз бен бізге бала кезімізден етене таныс. Ал сіз бен біздің бүгінгі тамашалағалы отырған пьесасының ерекшелігі – Мұқаң жасаған бейнелерден қашып, өзгеше бейне жасауға талпындық. Бір нәрсені ашық айтайын, бұл дегеніміз ұлы Мұқаңды жоққа шығару деген сөз емес. Сондай-ақ «Абай жолын» жоққа шығару деген сөз емес. Бұл жаңа бір дүниеге деген талпыныс. Әдетте көркем әдебиеттің мұратын ешкімге ұқсамау деп қабылдаймын. Сондықтан да ерекше туынды шығаруға талпындым», - дейді ақын, жазушы Есенғали Раушанов.

Автор өз шығармасында Құнанбайдың қайраткерлігін, ақылдылығы мен көрегендігін ашып көрсеткен. Әке мен бала арасындағы байланысты ерекше көрсеткен, екі кейіпкер арасындағы жылулықты сипаттай білген.

«Абай мен Құнанбай біз өмір сүріп жатқан жарық дүниеге лайық па? Менің ойымша, Абайдың ұлылығы мына лас дүниеге лайық емес. Сондықтан да олар о дүниеде кездеседі, сырласады, оқиғаның барлығы басқа әлемде өтеді. Пьеса көрермендерге ұнар мүмкін ұнамас. Яғни әр адам өз Абайын жасап алады. Ал бұл шығармада менің Абайым бар», - деп атап өтті Есенғали Раушанов.

Аталған қойылым аз уақыт ішінде театр сүйер қауымға ұсынылды.

«Пьеса өзінің стилімен, айтар ойымен ерекшеленді. Жалпы біз көріп келе жатқан пьесаларда тарихи тұлғаларды тарихи шындықтың деңгейінде көруге тырысамыз. Ал бұл пьесаның бір өзгешелігі – нақты уақыт көрсетілмеген, ғарыштық деңгейде өтіп жатқанымен қызықтырды. Әрине, Құнанбай мен Абайдың арасындағы қарым-қатынасты, қанша жылдар бойы бұрмаланып, айтылмай келген ойды жаңаша көзқараспен жазып, жас ұрпаққа түсінікті тілмен беруі пьесаның құндылығын арттырды», - дейді театр сыншысы Анар Еркебай.

Сонымен қатар ол спектакль ықшамдығымен, минималистік стилімен, сценография және жарық сәулелердің дұрыс орнатылуымен көзге түскен. Оның айтуынша, режиссердің Абай өлеңдерін эпотет ретінде алуы, көрерменнің өң бойына бойлатуы да ұтымды шықты. Мұның барлығы қойылымның ажарын келтіріп тұрды.

Ал актерлер болса өз кейіпкерлерін түсініп, оны халыққа жеткізу үшін күні-түні дайындық жүргізген. Абай рөлін Сүндет Сәнсенұлы, Құнанбай рөлін Медғат Өмірәлиева сомдап шыққан.

«Ұлы Абай бейнесін сомдау – үлкен жауапкершілік. Ол үшін Абайды толыққанды зерттеп, білу керек. Абайды ойнау бір бөлек, оны жеткізу бір бөлек. Рөлді сомдауға 2 айдан аса уақыт кетті. Ал спектакль 1 аптада шыққан болатын», - дейді актер Сүндет Сәрсенұлы.

Брифингтен соң «Құнанбай мен Абай» пьесасы сахналанды. Қойылымға облыс әкімі Серікбай Трұмов келді. Ол сахналық шығармадан ерекше әсер алғанын айтып, авторға өз алғысын білдірді.

«Былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі бастап, ұлы Абайдың 175 жылдығы елімізде кең көлемде аталып өтті. Біздің облысымызда да ақынның шығармашылы жоғары деңгейде насихатталды. Бүгінгі Есенғали Әбдіжаппарұлы жазған қойылымы хәкім Абайдың мерейтойына ерекше сый болды. Қойылымда Абай ілімінің маңызы мен әке мен бала арасындағы рухани жақындықтың шынайы үлгісін көрдік. Міне, осындай туындыны дүниеге әкелген Есенғали Раушановқа Маңғыстау жұртшылығы атынан зор құрметпен алғыс айтамын», - деді С.Трұмов.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Суреттер фейсбуктен алынды

675
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Мәдениет қоғам
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Өнер ордасының өрнекті іздері

Келесі жаңалық

Республикалық айтыста Нұрлан Мұсаев бас жүлде иеленді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рахат елдімекенінде мәдениет үйі салынып жатыр

    12 сәуір, 09:35
    329

    Жыр тарланы

    4 сәуір, 11:43
    634

    Маңғыстауда ақындар айтысы басталды

    26 наурыз, 17:13
    938

    «Nauryz fest – 2021»: Ақтауда жас ақындар айтысы өтті

    17 наурыз, 16:47
    1207

    Жастар театры «Елім деп өткен ер Жалау» қойылымын сахналады

    17 наурыз, 10:31
    1073

    Маңғыстау өнерінің мерейтой иелері

    8 наурыз, 14:46
    1186

    Рубрикалар

      Рухани жаңғыру Жаңалықтар Редакция ұжымы Астана - 20 Қоғам Редакция туралы Ашық қоғам Фото Мәселе анонс Ауыл өмірі Жаңаөзен - 50 жыл

    Автордың басқа да жазбалары

    Рейд: Кеше бірнеше кәсіпкерлік нысан иесі хаттама толтырды

    Кеше 13:33
    186

    Мектеп оқушылары қашықтан оқиды

    17 сәуір, 18:57
    301

    Е.Раушановтың рухына құран бағышталды

    17 сәуір, 13:19
    224

    Есенғали Раушанов Маңғыстауға келгенде (ФОТО)

    16 сәуір, 18:16
    630

    Аймақта «Аshyq» мобильді қосымшаға арналған пилоттық жоба басталады

    16 сәуір, 16:09
    218

    Ақтаулық оқушылар «Beyond Robotics» тегін бағдарламалау курсына қатысады ⠀

    16 сәуір, 15:34
    231

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»