• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 18 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

8 сәуір күні Ақтауда ауыз су беру уақытша тоқтатылады...

«Ардагерлерге құрмет»: Бозжыра шатқалына саяхат...

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

Ақтауда тұрғындарды вакцинациялау жүріп жатыр...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

  • USD: 430.39 ₸
  • EUR: 515.52 ₸
  • RUB: 5.68 ₸

Өнер ордасының өрнекті іздері

10 қаңтар, 17:13  |  Мәдениет

Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының 45 жылдығына орай «Өрнекті өнер ордасы» атты көлемді кітап жарық көрді. Өнер ордасының өрнекті іздері тасқа басылған, мазмұны жарты ғасырлық мерзімді қамтитын кітаптың өмірге келуі тек өнерпаздардың ғана қуанышы емес, өнерсүйер барша маңғыстаулықтарға ортақ қуаныш деуге болады.

Тұсаукесер рәсіміне арналған салтанатты кеште көрермен Дәулеткерейдің «Көроғлы», «Ақшағыл» этно-­фольклорлық ансамблі мен би ұжымының өнерін тамашалап, Жігер Баянбердиевтің орындауындағы «Сүгірдің термесі», «Түбек сазы» шығармаларымен сусындады.

Бұдан соң кештің негізгі бөлімі басталып, сахна төріне Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының баcшысы Пәния Сармурзина, өнер ардагерлері – дәулескер күйші, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Сержан Шәкірат, скрипкашы Георгий Каспаров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Нұрнияз Мұқанов, күйші, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Роза Айдарбаева және кітапты құрастырушы, ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Сұлтанбек Құдайберген шақырылып, көпшіліктің көзінше салтанатты түрде тұсаукесу рәсімін атқарды.

Кітаптың алғашқы даналары өнер ордасы туралы толағай кітап беттерінен өз орындарын ойып алған Маңғыстау өнеріне еңбегі сіңген, бүгінгі күні арамызда жоқ ардақты өнерпаздар Ізбасар Шыртанов, Күріш Тасболатов, Ыбырай Ізімов, Орын Құлсариев, Қыдырбай Жұмашевтің отбасы мүшелеріне естелік ретінде табысталды.

1979 жылдың ақпан айында құрылып, республика бойынша филармония жанындағы бірден-бір камералық ансамбль саналған ұжым аз ғана жылдың ішінде өзінің құрамымен де, орындау мәнерімен де, шығармаларының күрделілігімен де ерекшеленіп, кәсіптік тұғырға көтеріліп үлгерді. Көнекөз ансамбльдің орындауындағы әлемдік музыка жауһарлары Иоганн Штраустың «Летучая мышь» опереттасынан Аделияның шумақтарынан үзіндіні және Вольфганг Моцарттың «Маленькая ночная серенадасын» Ақмарал Қосымқызы орындады.

Өзінің 45 жылдық мерейтойын қарсы алып отырған өнер ұжымы бүгінде сан ғасырлар халықпен бірге жасасып келе жатқан ұлтымыздың асыл мұрасы, рухани жәдігері – дәстүрлі өнерімізді өз елімізде ғана емес, шет елдерде де насихаттап, бүгінде үлкен белестерді бағындырған өнерпаздарымен мақтана алады. Тұсаукесер кешінде көрермен республикалық дәстүрлі әншілер байқауларының жүлдегерлері Нұрым Асхановтың орындауында Досат Бәймембетұлының «Босмойын» және Әйгерім Құлжарасованың шырқауында халық әні «Ақсұңқарды» ән шашу ретінде қабыл алды.

Сондай-­ақ мерекелік шарада Есір Айшуақұлы «Ерен» күйі А.Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің домбырашылар ансамблінің орындауында, болгар халқының халық әні «Дилмано дилберо» вокал тобының, Даниел Вильямстің «Виктори» шығармасы А.Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің қобызшылар ансамблінің, Владимир Дмитриевтің «Старая карусель» шығармасын «Ақ шағала» вокальді аспапты ансамблінің орындауында тамашаланды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ансамбль қайта жаңғырып, үлкен сахнаға шыққан «Ақ шағала» вокальді аспапты ансамбліне Аман Жәңгіров көркемдік жетекшілік етеді.

Кеш соңында Шәмші Қалдаяқов әндерінен попурриді жас әнші Ба­уыржан Ретбаев, «Қазақ елі» әнін Аида Байгелова шырқап, көрермен қошеметіне бөленді.

Өнер ордасының құрылғанынан бастап күні бүгінге дейінгі шыққан шыңдары, осы жылдар ішінде қызмет еткен әрбір өнерпаздың кәсіби тұрғыда өркендеу жолдары мен жет­кен жетістіктері, сансыз концерттері мен гастрольдері туралы ақпаратты бір арнаға тоғыстырып оқырманға ұсынуды мақсат еткен кітапты шығарушылар арамызда жүрген ай­тары бар азаматтардың көкірегіндегі көмбені шет­-шепірлеп тыңдап, мұрағат құжаттарын, газет­-журналдарды ақтарып, суреттерге үңіліп, сараптап, филармонияның тарихы хатталып, кешегі күндердің куәгері сынды естелік, өнер мекемесінің жеке мұрағаты дейтіндей 216 беттен тұратын кітап дүние өмірге келді.

Облыс әкімі Серікбай Трұмов пен Маңғыстау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі баcқармасының басшысы Пәния Сармурзинаның құттықтаулары мен М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының директоры Бекбол Таңатарұлының алғы сөзімен басталатын кітапта Алашқа әнін асырып, жаҺанға жырын жеткізген «Адайдың жеті қайқысы» мен бес жүйрігі туралы мәліметтер беріліп, ұлы өнерді ұрпаққа ұластырушы алтын көпір аға буын мен олардың ізбасарларының есімдері ұлықталып, филармония тарихынан сыр шертетін нақты мәліметтермен қорытындыланған.

Өнер ордасы туралы алғашқы кітап болашақ үлкен істерге жол салатын бастама деп түсінсек, филармония шаңырағын киелі бабалар рухы, әз өнердің шапағаты тербеп тұрғанда, 45 жасар ұжымның бағындырар белестері әлі де алда.

Үміт ЖӘЛЕКЕ

788
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам Мәдениет
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Жантөрин театрында «Құнанбай мен Абай» пьесасының премьерасы өтті

Келесі жаңалық

Автордың қатысуымен «Құнанбай мен Абай» пьесасы сахналанды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рахат елдімекенінде мәдениет үйі салынып жатыр

    12 сәуір, 09:35
    318

    Жыр тарланы

    4 сәуір, 11:43
    622

    Маңғыстауда ақындар айтысы басталды

    26 наурыз, 17:13
    924

    «Nauryz fest – 2021»: Ақтауда жас ақындар айтысы өтті

    17 наурыз, 16:47
    1193

    Жастар театры «Елім деп өткен ер Жалау» қойылымын сахналады

    17 наурыз, 10:31
    1062

    Маңғыстау өнерінің мерейтой иелері

    8 наурыз, 14:46
    1185

    Рубрикалар

      Тағайындау Жарнама Түпқараған Байқау Мәселе Аудан тынысы Мәдениет Хабарландыру Жаңалықтар анонс Фото Редакция ұжымы

    Автордың басқа да жазбалары

    Қоғамдық тыңдаулар өтеді

    16 сәуір, 15:02
    114

    Маңғыстауда кеше 35 адамнан коронавирус анықталды

    16 сәуір, 09:47
    240

    Ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті

    16 сәуір, 09:40
    273

    Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

    15 сәуір, 17:18
    227

    Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

    14 сәуір, 16:23
    226

    Маңғыстауда жыл басынан бері 31 экологиялық құқықбұзушылық анықталды

    14 сәуір, 15:39
    294

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»