Қарақалпақстан Республикасынан келген делегация мүшелерінің құрметіне Абыл мәдениет үйінің сахнасында «Келіндер көтерілісі» комедиясы сахналанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қойылымды қарақалпақстандық делегация мүшелерімен бірге аудан әкімі, аудан тұрғындары тамашалады.
«Келіндер көтерілісі» – Өзбекстан Республикасының көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың тырнақалды туындысы. Пьеса 7 келінді бір шаңырақ астында ұстаған ене мен келіндер арасындағы байланысқа негізделген. Қойылым барысында өзбек халқының дәстүрлі биі қолданылып, оқиғалар әдемі әзілмен өрнектеліп, ескі дәстүр мен адамның еркіндігі турасында өзекті мәселелер көтеріледі. Көрермен күле отырып, ойға батады.
Өнерпаздар шеберліктерімен, актерлік қабілеттерімен қошеметке бөленді. Көрермендер арасында көзіне жас алғандар да табылды. Көптің көңілінен шыққан қойылымның режиссері Бүркітова Раушан Мырзатайқызы.