© Фото скриншот
Ақтауда 19 шағынаудан 43 үйдің жанында «Volkswagen Jetta» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 55 жастағы әйелді қағып кеткен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқиға таңертең сағат 08:45 шамасында болған.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Автокөлік айыптұраққа жабылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі таңда зардап шеккен тұрғынның жағдайы орташа ауыр.
«Жол апатынан зардап шеккен тұрғын нейрохирург, хирург, травмотолог дәрігерлердің тексеруінен өтті. Бас, кеуде, жамбас сүйектерін КТ-дан өткізді. Нәтижесінде жамбас аймағы қозғалмаған сынық, жабық сынық диагнозымен травмотология бөліміне жатқызылды», - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА