Бүгін, 25 қаңтарда «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен саяси кеңесінің кезектен тыс мәжілісі өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Онлайн форматта ұйымдастырылған жиында 28 қаңтарда өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне Маңғыстау облысынан қатысатын делегаттар сайланды.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов елорда төрінде өтетін съездге қатысатын өңір делегаттары туралы хабарлама жасады.
Жиын қорытындысы бойынша Маңғыстау өңірінен 13 делегат съездге қатысатын болды. Съезд онлайн өтеді.