• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 23 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

Есенғали Раушанов Маңғыстауға келгенде (ФОТО)...

«КазАзот» мекемесінің 40 қызметкері вакцина салдырды (ВИДЕО)...

Ақтауда «Grandmart» сауда желісі ашылды...

  • USD: 432.21 ₸
  • EUR: 520.38 ₸
  • RUB: 5.67 ₸

«Ақкетік арайы»: Тоқсан жыл бойы түбектің тынысы болды

4 наурыз, 12:02  |  Түпқараған

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, сонау Рим заманынан келе жатқан журналистика – расымен де әлемдегі, айналадағы оқиғаларды хабарлап отыратын, қоғам мен үкіметті байланыстыратын сала.

Маңғыстау өңірінде алғаш болып ашылып, осы бүгінге дейін сабақтасып келе жатқан «Ақкетік арайы» газетіне биыл 90 жыл. Тоқсан жылда талайлы тағдыр мен небір қиыншылықты басынан өткерген газеттің бүгінгі таңға дейін рухани деңгейін сақтаған күйінде жетуі үлкен қуаныш деп білеміз. Бұған тоқсан жылдан бері қарай тартқандағы қаламгерлер мен тілшілердің еңбегі зор. Олардың бүгінгі заңды жалғасы деп редакцияның бүгінгі құрамын айтуға болады.

Есбол Өмірбаев «Коммунистік жол» газетінің 1975 жылғы 1 октябрьдегі санында «Түбектегі тұңғыш баспасөз» атты мақала жариялаған екен. Есағаң ол мақалада былай депті: «1920 жылы Маңқыстауда Совет өкіметі түпкілікті орнап, бекігеннен кейін, алғашқы кезде Адай революциялық комитетінің председателі болған Мацкевич газет қызметін қолға алды. Сол жылдың 1 ноябрінен бастап машинкамен жазылған «Степная РОСТА» газеті хабарлама бетшесі шығарылып, оның аяғына «Редактор Мацкевич» деп қол қойылды. Бұл Маңқыстау уездік партия фракциясы мен ревком, кәсіподақ советінің органы еді.

Хабарлама газет еліміздің түбегейлі мәселелерін қамтып, ішкі-сыртқы жағдайлардан мағлұмат беріп тұрған. Газеттің 1921 жылғы 6 майдағы хабарламасында КирЦИК-тің екінші сессиясының 20 июньде шақырылатыны, профсовет қозғалысы, қазақ әйелдері жөнінде шағын-шағын мақалалар, Бөкей ордасының орталығы Ордада қазақ әйелдерінің конференциясы ашылғаны, тағы сол сияқты 15 хабар басылған.

Бірақ мұндай көлемі шағын хабарлама бетшелер заман талабына жауап бере алмағандықтан Адай ревкомы мен уком газет шығару мәселесін жоғарғы орындардың алдына қойған.

Партиямыз «Бетіңді ауылға бұр» деген ұран көтеріп, ол партиялық программаға айналды. Оны қалың бұқараға жеткізуде газеттің орны ерекше екенін көре білген Адай ревкомы мен укомы 1925 жылдың басында партия, совет, кәсіподақ орындарының саяси әліппесі ретінде «Бетіңді ауылға бұр» деген қолжазба газетті шығара бастады. Газет ауыл еңбекшілері арасында оқылып, үгітшілік роль атқарды.

Байларды тап ретінде жою, шаруаларды колхоздастыру, көшпелі елді отырықшыландыру сияқты дүбірлі жылдар науқаны партияның айбынды құралы «Жаңа жұртшылық» газетінің дүниеге келуімен басталған. Газет 1931 жылы бірінші августа жарық көріп, Маңқыстау түбегіндегі мәдени төңкерістің жауынгер құралына айналған. Ол араб әрпімен басылып, 5 күнде бір рет шығып тұрған. 1500 тиражы болған.

Бастапқы кезде газет қаражат тапшылығы мен оқырмандар тапшылығын көргендіктен әрбір сауатты азамат газеттің таралуына үн қосты. Соның бірі Әлжанов: «Ауданда жаңа ашылып отырған «Жаңа жұртшылық» газетін құттықтап, оның қаражат жағынан көркеюіне көмек ретінде он бес сом жәрдем беремін. Осындай игілікті іске көптен қалмай көмектеседі-ау деп, аудандағы азаматтардан: Нәдірбайұлын, Шәтенұлын, Серікұлын, Тапалұлын, Сархожаұлын, Әлімқызын қатарыма шақырамын», - десе, газеттің 7 санында Көбекей Мендалыұлы газетке 165 сом көмек беріп, Қошақанұлын, Қызылбайұлын қатарына шақырады.

Сөйтіп, «Жаңа жұртшылық» біртіндеп саяси науқандардың трибунасына, насихат мектебіне, мәдениет үгітшісіне айнала бастады. Тілшілері көбейді.

Ауданда газеттің ашылуымен қаламдарын ұштап, оның тұрақты тілшілері болған Өтепбергенов Икембай, Нұрниязов Сәду, Өтегенов Едіге сияқты жолдастар күнделікті ағымдағы мәселелерімен де, өлеңдерімен де көрініп отырды.

«Жаңа жұртшылық» 1932 жылы 36 санынан «Колхоз жолы» болып аталды да, жауапты редакторы Сәрсенбин Жәкен болды. Ал 1939 жылы Маңқыстау ауданының құрылуына байланысты «Сталин жолы» болып шыға бастады. Бүгінгі күні жұртшылыққа жақсы таныс «Жаңа өмір» – сол газеттің заңды жалғасы».

Рас. Талай-талай кезеңдерді бастан кешірген газет туралы біз Есбол ағаға қосымша мына сөзді айтар едік. «Ақкетік арайы» - «Жаңа жұртшылықтың» үзілген жолын жалғаушы, бастаған сапарын жалғастырушы әрі болашаққа алып барушы газет!

Айгүл БАЛАБАЕВА

1893
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Түпқараған аудан тынысы
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Түпқарағанда балықшылар ескерткіші бой көтереді

Келесі жаңалық

Түпқарағандық тұрғын малдың майынан иіс сабын шығарады

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Амал - алашқа ортақ мереке

    21 наурыз, 12:20
    1226

    Түпқарағандық үш оқушы Елбасының қола медалін иеленді

    12 наурыз, 17:40
    1468

    Ақкетіктен шыққан тұңғыш командир

    12 наурыз, 15:31
    1711

    Ауыл баласы робот құрастырады

    7 наурыз, 11:26
    1579

    Түпқарағандық тұрғын малдың майынан иіс сабын шығарады

    5 наурыз, 12:01
    1799

    «Ақкетік арайы»: Тоқсан жыл бойы түбектің тынысы болды

    4 наурыз, 12:02
    1894

    Рубрикалар

      Құқық EXPO - 2017 Рухани жаңғыру Фото Мұнайлы Жаңаөзен - 50 жыл Жастар беті Ашық қоғам Редакция газеттері Саясат Қазақстан жаңалықтары Біле жүріңіз

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстауда 2021-2030 жылдары балық шаруашылығын дамытуға бағытталған өңірлік бағдарлама жасақталды

    Кеше 16:30
    100

    Маңғыстауда 16 мыңнан астам адам екпе алды

    Кеше 16:20
    64

    26 сәуірден бастап қоғамдық тамақтану орындарында «Аshyq» мобильді қосымшасы іске қосылады

    Кеше 15:57
    61

    Қазақстанда волонтерлік қызметке қандай қолдау көрсетіледі

    Кеше 15:25
    83

    Қоғамдық кеңес отырысы өтті

    Кеше 15:10
    67

    «Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу полигондарында тазарту жұмыстары басталды

    Кеше 10:42
    107

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»