ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Маңғыстау Жарық» ЖШС-ның электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаға сараптама жүргізу бойынша келіп түсен хабарламасы бойынша жария тыңдау өткізеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жария тыңдау 2021 жылғы 6 желтоқсанда сағат 15.00-де Ақтау қаласы, 1 ш/а, № 18/2 Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени-демалыс қызметі орталығы ғимаратында өткізіледі.
Елдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жария тыңдауларға санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақтауымен қатысушылардың шектеулі саны қатыса алады, атап айтқанда:
1) жария тыңдау өткізілетін ғимаратта болған барлық кезеңде медициналық маскаларды пайдалану;
2) әлеуметтік қашықтықты сақтау.
Сонымен бірге, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдау параллельді түрде онлайн режимде Департамент басшысының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында (іздеуге басшының аты Жандос Салимовты енгізу қажет) көрсетілетін болады (https://www.facebook.com/profile.php?id=100051930454400).
Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға қатысуға шақырады.
Департаменттің байланыс телефондары: 8(7292) 42-16-20, 43-84-11