Мұнайлы ауданында көп пәтерді үйді дезинфекциялауға пайдаланылған, екі адамның өмірін қиған дәрілік зат үй-жайларға қолдануға арналмаған болып шықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты informburo-ға сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, 23 қараша күні Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау ауылында үйді дезинфекциялаудың салдарынан 5 адам уланып, олардың екеуінің көз жұмған еді. Олардың бірі 2 жасар нәресте болса, екіншісі 29 жастағы әйел адам. Журналистерге арналған брифингте құзырлы орган өкілдері 4-қабатта жүргізілген дезинфекциялау салдарына екі отбасының зардап шеккенін айтқан болатын. «Квикфос» дәрілік заты қолданылған. Ол Еуразиялық экономикалық комиссияның Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің бірыңғай тізілімінде тіркелмеген. «Квикфос» (жәндіктерге қарсы фумигант) астық пен астық қоймаларының тиелмеген қорындағы зиянкестерді жоюға арналған. Дәрілік зат үй-жайларды дезинфекциялауға арналмаған», - делінген Комитеттің хабарламасында. ЕЭК бірыңғай тізіліміне қосылған заттардың тізімін мына жерден көруге болады. Комитеттің хабарлауынша, Қазақстанда дезинфекциялау, дезинсекция, дератизация қызметтері лицензияланбайды. Бірақ осы салада жұмыс істейтін ұйымдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бар. Осы талапқа сәйкес, Қазақстан Республикасының және Евразиялық экономикалық комиссиясының қатысушы мемлекеттердің аумағында рұқсат етілген құралдарды пайдалануға рұқсат етіледі. Дезқұралдардың қауіптілігі оларының қауіптілігін сыныптауға сәйкес белгіленеді. Үй-жайларда қауіптілігі аз құралдарды (4-сынып) және орташа қауіпті құралдарды (3-сынып) қолдануға рұқсат етілген. 3-сыныпты құралдарды қолдану шарттарының міндетті түрдегі регламенттеуімен (препараттың шығыны, желдету режимі, жинау) пайдалануға рұқсат етіледі. Құжатта дезқұралдармен жұмыс істеуге тартылатын мамандар (дезинструктор, дезинфектор) әр 5 жыл сайын дезинфекциялау,дезинсекциялау дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезқұралдармен уланған кезде дәрігер қарағанға дейін алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша нұсқамадан өту қажеттігі айталғын. Объектілерде дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар объекті әкімшісінің (тапсырыс берушінің) өкілі болғанда жүргізіледі. Өңдеуге жататын үй-жайдағы адамдарды іс-шаралардың жүргізілуі және тиісті сақтандыру шаралары туралы алдын ала хабардар ету қажет. Өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың, сондай-ақ үй жануаларының болуына рұқсат етілмейді. Үй-жайларды зиянкестерден ПИК-тердің тапсырысымен жеке компаниялар улауы тиіс.Бұған бюджеттен қаражат бөлінбейді. «Өңдеуге жататын үй-жайдағы адамдарды іс-шаралардың жүргізілуі және тиісті сақтандыру шаралары туралы алдын ала хабардар ету қажет. Өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың, сондай-ақ үй жануаларының болуына рұқсат етілмейді», - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта дезинфекция жүргізген маманның талаптарға сай әрекет етуі тексеріліп жатыр. Аталған дерек Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша тіркеліп, дезинфектор маман уақытша қамауға алынды.
Көрнекі сурет. Интернеттен алынды.