Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау ауылында үйді дезинфекциялаудың салдарынан 5 адам уланып, олардың екеуінің көз жұмғанын хабарлаған едік. Аталған дерек Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша тіркелген. Дезинфекция жүргізген компанияның маманы уақытта ұстау изоляторына қамауға алынды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметіне жедел брифингте Мұнайлы ауданының полиция бөлімі бастығы Рашид Қуандықов мәлімдеді.

Ал үйіне дезинфекциялау жүргізген азаматтың жауапкершілік мәселесі тергеу амалдары барысында белгілі болады.

Мұнайлы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Ботагоз Исаеваның айтуынша, үй иесі дезинфекция жүргізбестен бұрын көршілерін хабардар еткен. Ал дезинфекция жүргізген «Таракан нет» ЖШС Алматы қаласында орналасқан екен. Қандаланы «Квик-фос» препаратымен улаған.

Бірақ құзырлы органдар компанияның дезинфекция жүргізуге лицензиясының бар-жоқтығы, аталған препаратты қолдануға рұқсат етілгендігі немесе етілмегені тергеу барысында анықтайтын болады. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалған. Тергеуге дейінгі амалдары жүргізілуде.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суретті Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз