Жаңаөзенде екі қабатты үйде болған жарылыстан кейін ауруханаға жеткізілген тұрғынның бірі жансақтау бөлімінде есін жиды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы аурухана басшылығы мәлімдеді. Олардың айтуынша, қазір әйел адам тұрақты ауыр деңгейде жансақтау бөлімінде жатыр. Алайда, ол жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылып, дәрігерлермен тілдескен. Ал жансақтау бөлімінде жатқан екінші науқастың жағдайы әлі де ауыр деп бағаланып отыр.
Сондай-ақ, дәрігерлер травматология бөліміндегі 1 ер адам мен 2 қыз баланың жағдайлары тұрақты орташа деңгейде екенін атады. Оқушы қыздарға арнайы психолог мамандар келіп, кеше бірінші әңгімелесу өткізген. Бұл бағытта мектеп психологтары да қажетті көмектер көрсетуде.