Маңғыстау облыстық онкологиялық орталық дәрігерлері облыс тұрғындарын “Ашық есік күніне” шақырады. Бұл күні барлық азаматтар денсаулығын тексеріп, мамандардан тегін кеңес ала алады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компьютерлік және магнитті-резонансты томографиялық сканерлер, сондай-ақ ультрадыбыстық аппарат сияқты заманауи озық құрылғылар онкологиялық ауруларды дер кезінде анықтауға көмектеседі.
Ашық есік күні сенбі, 27 сәуірде сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін өтеді.
Ақтау қаласы, облыстық онкологиялық орталық, 1А ықшамаудан N5/5 ғимарат.