Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы жедел-жәрдем қызметкерлері күніне орай Бейнеу ауданында спартакиадалық жарыс ұйымдастырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Спартакиаданың мақсаты - жедел-жәрдем қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, көмек көрсету, уақытты тиімді қолдану, науқастың өміріне араша түсіп, сақтап қалу.
Әр аудан мен қаланың жедел-жәрдем бөлімшелері күйік шалу кезінде, жол апатына ұшырағанда, үй жағдайында немесе автокөлікте босану кезіндегі алғашқы шұғыл медициналық көмекті көрсету бойынша өз біліктілігін көрсетті.
Спартакиада барысында қалааралық бригадалар ішінде Ақтау жедел жәрдем бөлімшесі 1-орынға, Мұнайлы жедел жәрдем бөлімшесі 2-орынға, Жаңаөзен жедел жәрдем бөлімшесі 3-орынға ие болды. Сонымен қатар ауданаралық бригадалар ішінде Бейнеу жедел жәрдем бөлімшесі 1-орын, Ақшұқыр жедел жәрдем бөлімшесі 2-орын, Түпқараған жедел жәрдем бөлімшесі 3-орынмен марапатталды.