Ақтау қаласындағы N13 мектеп-гимназияда 10-сынып оқушысы Сүгірбай Рамазанның Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы комикс кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шараға Рамазанның ата-әжелері, ата-анасы мен мектеп ұстаздары, оқушылар қатысты.
Рамазанның айтуынша, комикс арқылы кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға болады. Расымен де, жастар кітап түріндегі және электронды нұсқадағы комикстерді ерекше ықыласпен қабылдаған.
“Қазіргі жастар көп көлемді жазулы кітаптарды оқуға қызықпайды. Себебі бұл - заман ерекшелігі, олардың зейіні тұрақсыздау. Тез жалығып кетеді. Сондықтан сурет, комикс арқылы қызықтыру қажет”, -деді Рамазан.