Рутул ұлтының өкілі Виктория Гасангусейнова Маңғыстау облысының Ақтау қаласында қазақы ортада өсіп-өнген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Мемлекеттік тілді жақсы меңгеріп алған оның қазақ ұлтына деген құрметі айрықша. Ол қазіргі таңда «Басқұдық ауылдық мәдениет үйінде» әдіскер болып қызмет етеді. Қазақ ауылының топырағына аунап өскен Виктория қазақтың жөн-жоралғысы мен дәстүрін бес саусағындай біледі.
- Қазақ тілін балабақшада үйрендім. Отбасымда анам да, ағам да қазақ тілін жетік меңгерген. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі тұрады. Себебі біздің халық өте қонақжай. Ортақ Отанымызда еркін, бірлікте өмір сүріп жатқаныма алғысым шексіз. Біздің күшіміз – бірлікте, - деді Виктория Гасангусейнова.
Елімізде қоныстанған түрлі ұлт өкілдері арасында өзара бірлік пен сыйластық орнаған. Олар дархан пейілді қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптарын ұстанады.