«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облысына қарасты барлық мешіт қызметкерлері зираттарда тазалық жұмысын жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мешіт имамдарына мешітке тұрақты келетін адамдар да қол ұшын берді.
Іс-шара ҚМДБ-ның «Қамқор Шарапат» қоры бастамасымен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты жоба аясында өтіп жатыр.
«Зират басын тазалау жұмысына барша мешіт қызметкерлері жамағатпен бір адамдай шығып, тазалық жүргізді. Өйткені, «тазалық иманның жартысы» деген. Қабір басы бір ізділікке келіп, заман талабына сай, таза болуы арттағы ұрпақтың міндеттерінің бірі. Тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады», - деді облыстың бас имамы Әнуарбек Елжанов.