Сүгір Бегендікұлының 130 жылдығы мен қара шаңырақ Қызылсай ауылының 65 жылдық мерейтойына сый тарту ретінде кәсіпкер Ильяс Мүсірепов Қызылсай ауылы Абай көшесі бойынан саябақ құрылысын жүргізуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 70%-ы аяқталып, демалыс орны маусым айының басында пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Күнқожа Сарсенғалиев ауыл кіреберісінің сол жақ бетінен 500 оқушыға арналған жекеменшік бастауыш мектеп салуда. Аталған мектеп ауыл мерейтойы қарсаңында, яғни жаңа оқу жылында ашылады деп жоспарланған.