Ақтаулық тұрғын 16 шағынаудандағы үйлер арасындағы жолдың заңсыз жабылғанына шағымданды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
МО әкімінің телеграм арнасына шағымын жолдаған қала тұрғыны 16 шағынаудан, №21/5 учаскесіндегі жолды «Барьер Плюс» ЖШС мекемесі заңсыз жауып тастағанын айтты.
- Шағынаудан арасындағы жолды неге жауып тастаған? Алла бетін әрі қылсын, өрт бола қалған жағдайда өрт сөндірушілер қалай кіреді? Құрылыс мекемелеріне жерді бергенде тиісті мекемелер неге қадағаламайды? Әкімшілік, жол полициясы қайда карап отыр? 16 шағынаудан арасында жол салынбағандықтан осындай жағдай болып отыр. Осы мәселені айтып келе жатқанымызға 1 жыл уақыт болды, - деді тұрғын.
Ақтау қалалық жер катынастары бөлімі мамандары мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында 16 шағын ауданы, №21/5 учаскесіне мекен-жайы бойынша кадастрлык нөмірі: 13-200-016-379 жер учаскесіне жауапты мекеме мемлекеттік жерді заңсыз жауып тастағанын анықтаған.
- Осыған орай жер учаскесінің иеленушісі «Барьер Плюс» ЖШС-не қатысты ҚР-ның қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жер ресурстарын басқару департаментіне заң аясында шара қолдану және тексеру үшін хат жолданды, - деді Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі.