© kazpravda.kz
Жаңаөзен қаласы прокуратурасы жүргізілген талдау нәтижесінде Жаңаөзен қаласындағы екі мемлекеттік балабақша есепшісінің бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Есепші өзінің жеке шотына жалпы сомасы 30 млн теңгені заңсыз аударғаны анықталды.
«Аталған факті бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп, есепшіге Жаңаөзен қалалық сотының 15.03.2024ж. үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалып, осы кодекстің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналды», деп хабарлады Жаңаөзен қаласының прокуратурасы.