Маңғыстау облыстық сотында жас судьялардың қатысуымен сот актілерінің сапасын арттыру мақсатында семинар сабағы өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының судьясы, тәлімгерлер кеңесінің төрағасы М.Аубакиров, тәлімгерлер кеңесінің мүшелері, жас судьялар қатысты.
«Семинарды өткізудегі мақсат – жаңадан тағайындалған судьяларға тәжірибелік көмек көрсету, сот отырысын жүргізу тәртібін сақтау, жас судьялардың кәсіби қызметін жетілдіру.
Семинар сабағында сөз алған М.Аубакиров бүгінде судьяға қойылатын талап жоғары екенін айтып, әрбір судья сот отырысын үлгілі өткізіп, істерді сапалы қарауы тиістігін атап өтті. Сондай-ақ, спикер сот актілерін сапалы жазу, сот шешімі жария етілгеннен кейін оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарларын ауызша түсіндіру мәселелеріне назар аударды», деп жазылған Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Семинар сабағы соңында тәлімгерлер мүшесімен жас судьялардың еңбек өтіліне байланысты ұсыныстар айтылып, жас судьялардың атқарылған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды.