Ақтауда №1 Өндірістік аймақ маңындағы «Ротор» ГҚ№ 8-ші гаражынан өрт шығып, гаражға қосарлана салынған бөлме жанып кетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің хабарлауынша, өрттің жалпы ауданы 28 ш/м-ді құраған. Гараж ішінде автокөлік бөлшектері мен тұрмыстық заттар жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.
Өткен аптада Маңғыстауда облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметіне 18 өрт жағдайы бойынша қоңырау келіп түскен.
Дәл осындай өрт жағдайы Жаңаөзен қаласында тіркелген. Рахат шағынауданы №12 көшедегі «Шегем» ТЖО-ның жанында тұрған «OPEL Astra» маркалы автокөлігі жанып кеткен. Өрт сөндіру қызметкерлі көліктен шыққан өртті дереу ауыздықтаған.