Маңғыстау облысының тұрғындары 010, 070 және 077 номерлерін жиі алған,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Сонымен қатар, 012 мен 362 номерлері де сұранысқа ие. Жалпы, өткен жылы маңғыстаулық жүргізушілер вип номерлер сатып алуға 116 446 071 теңге жұмсаған. Бұл қаржыға олар 425 номер сатып алған.
Ал, ерекше номерлердің бағасы қанша тұрады?
Жалпы, вип номерлер 7 санатқа бөлінеді және олардың құны нөмірге байланысты қымбаттай береді. Ерекше номерлер 57 АЕК, яғни 196 650 теңгеден басталады. Бұл санатқа 010 нан 090 -ға дейінгі номерлер кіреді.
- Керісінше ең қымбат номерлер қатарына 001 -ден, 009-ға дейінгі қос нөлмен басталатын номерлер мен 777 номері кіреді. Аталған ерекше сандардың құны бірдей сериямен 285 айлық есептік көрсеткішті құрайды, ал сериасы өзгеретін болса 228 МРП. Қалаған серианы таңдап алуға мүмкіндік бар,-деді Мамандандырылған ХҚК бөлімінің басшысы Жұпарбек Жарменов.
Вип номерді алу тәртібі биыл өзгерген. Енді азаматтар вип номерлерді сөрелерден таңдай алмайды. Себебі, өзгерістерге сай алдын-ала тапсырыс беріп, ақысын төлеп, электронды түрде алатын болады. Бұрынғы вип номерлер қойылған сөрелер бірте-бірде мамандандырылған ХҚК орталықтарынан алынып тасталады.