Атырау облысындағы Құлсары қаласында орналасқан наубайханалар су астында қалғандықтан, қалада нан тапшылығы сезілуде. Осыған орай азық-түлікке мұқтаж азаматтарға қолұшын созу мақсатында Маңғыстаулық меценат, облыстық мәслихат депутаты Асқар Керелбаев бүгін Құлсарыға жаңа піскен 2 мың нан жіберді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кәсіпкер тасқын судан зардап шеккен өңір тұрғындарының сұранысы бойынша балаларға арналған құрғақ сүттер мен жаялықтар да жөнелтті. Гуманитарлық жүк тиелген көлік Ақтаудан Жылыой ауданына жолға шықты.