Полиция Ақтаудағы мектеп ауласында ойнап жүрген оқушыға қол жүгіртті деп күдікке ілінген білім ордасының күзетшісін екі айға қамауға алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқиға 12 мамыр күні 11 шағынаудандағы №10 мектепте болған. Күзетші мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қызды шақырып алып, ғимарат ішіне кіргізген. Алайда оқушы сытылып шығып кеткен. Бұл туралы дабыл қаққан ата-аналардың аудиожазбасы әлеуметтік желіге таратқан.
Полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алайда тергеудің қандай бап бойынша қаралып жатқанын беймәлім.
- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті соттың санкциясы бойынша 2 айға тергеу изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, - деп жауап берді МО полиция департаментінің баспасөз қызметі.