Дүниежүзілік метрология күніне орай метрология саласында 30 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Метрология – өлшем туралы ғылым. Ол сауда, экология және экономика сияқты өмірдің әртүрлі салаларында маңызды рөл атқарады. Метрология арқылы алынған нақты деректер тұрақты даму және ресурстарды тиімді басқару үшін өте маңызды. Мысалы, энергияны тұтыну мен ауа ластануын дәл өлшеу олардың қоршаған ортаға әсерін бақылауға көмектеседі. Аймаққа метрология саласында ұзақ жылдар еңбек еткен мамандардың қосқан үлесін атап өткен жөн. Олар қала әкімінің алғыс хаттары түріндегі лайықты бағаға ие болды, қала әкімі атынан осы хаттарды тапсырдым, - деді Маңғыстау облысы техникалық реттеу және метрология комитетінің департамент басшысы Әлем Уәлиев.
Еңбек өтілі 20 жылдан астам Ұлболсын Әділханова «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ президентінің Алғыс хатымен марапатталды. Тағы бір назар аударуға тұрарлық қызметкер – Оксана Низамиева. Ол метрология саласында 30 жылдан астам еңбек етіп, еңбегінің жоғары бағасына ие болып, осы саланың білікті маманы ретінде танылды.
Оксана Низамиева еңбек жолын «Қазақ Газ Өндеу» ЖШС-де бастап, 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «ҚазАзот» АҚ метрология бөлімінде бас аспапшы қызметін атқарады.