Синоптиктер болжамына сүйенсек, 7-9 ақпан аралығында еліміздің кей өңірлерінде жауын-шашын, аяз бен көктайғақ күтіледі.
"9 ақпанда шығыста қалың қар, оңтүстікте және оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды. Еліміздің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ күтілуде", - делінген"Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Сонымен қатар, синоптиктер ауа температурасының төмендейтіндігін мәлімдеді.
Түнде:
Батыс пен Шығыста -13-21 дейін,
Солтүстікте - 20-28 дейін, Орталықта -15-26 дейін;
Күндіз:
Батыста -7-12 дейін, Солтүстікте -15-20 дейін, Шығыс пен Орталықта - 10-18 дейін аяз күтіледі.