Ақтауда 31А шағынаудан «Кеден» ғимаратынан бастап «Бәйтерек» сауда орталығына дейінгі автокөлік жолында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұханның айтуынша, №22 автокөлік жолында гранитті жиектастар орнатылып жатыр.
-№22 автокөлік жолын орташа жөндеу жұмыстарының сметалық құжаттамасында ұзындығы 2100 метрді құрайтын жаңа асфальт төсеу және жол жиектерін жаңарту қарастырылған. 31А шағынаудан «Кеден» ғимаратынан бастап «Бәйтерек» сауда орталығына дейінгі №22 автомобиль жолында гранитті жиектастар орнатылады. Жолды жөндеу жұмыстары барысында алынып тасталған пайдалануға жарамды бетонды жиектастар мердігер мекеменің өндірістік базасында сақталады. Алдағы уақытта қаладағы автокөлік жолдарының қажетті аумақтарына қолданылады, - деді Асхат Нұрмұхан.
Орташа жөндеу жұмыстары мына автокөлік жолдарында жүргізіледі:
-№22 автокөлік жолы, 31а шағынаудан «Кеден» ғимаратынан бастап 27 шағынаудан «Бәйтерек» сауда орталығына дейін, ұзындығы 2100 м.
-№12 автокөлік жолы, 5а шағынаудан «Жалау Мыңбайұлы» ескерткішінен бастап 23 шағынаудан «Каспий жылу, су арнасы» мекемесіне дейін, ұзындығы 2288 м.
-№31 автокөлік жолы, 31А және 31Б шағынаудан арасындағы автокөлік жолы, ұзындығы 457 м.