26 сәуірде "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Алматыдан жолға шығады. Елімізді аралайтын пойыз жоспар бойынша 16 тамызда Бейнеу станциясына келмек. Желтоқсан айына дейін мамандар ел аралап, жоғары білікті медициналық көмекке қол жетімсіз шалғайдағы станциялардың тұрғындарын емдейтін болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Медициналық пойыздың медициналық бөлімдері жоқ ауылдардағы азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жасалған.
Жоспарға сәйкес Болашақ, Жетібай, Сай-Өтес, Үстірт, Сам, Ақжігіт ауылдарының тұрғындары терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр және басқалардан тегін тексеруден және емдеуден өте алады. Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, сымсыз ғаламторға қол жетімді құралдарымен жабдықталады деп күтілуде.