Үкіметтің республикада жанар-жағармай көлемін өндіруді ұлғайту жөніндегі жоспарлары туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте хабарлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлихан Смайылов қазіргі уақытта көмірсутек шикізатының ресурстық базасын және оны одан әрі өңдеу үшін өндірістік қуаттарды ұлғайту бойынша шаралар қабылданып жатқанын атады. Ішкі нарықта ЖЖМ тапшылығын жабу үшін Шымкент МӨЗ қуатын жылына 6-дан 12 миллион тоннаға дейін кеңейту жоспарланған. Оны шикізатпен жүктеу үшін Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларын кеңейту жобаларын іске асыру жоспарланып отыр
"Биыл Жаңаөзен қаласында қуаты 900 миллион текше метр жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталады. Жалпы, газ саласында жылына қосымша 4 миллиард текше метрге дейін тауарлық газ алуға мүмкіндік беретін заңнамалық нормалар қабылданды", - деп толықтырды Премьер-Министр.