Әлеуметтік желіде Жаңаөзен қаласы 2 ш/а 51 үйде болған жарылыс болған орынды жер астындағы газ құбырын мамандар мен эксперттер тексеріп жатқанда газдың шығуы бойынша видеороликтер тарап жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
«Назарға саламыз, көрсетілген бейнероликтер жарылыстың дәлелі емес. Қазіргі таңда жүріп жатқан жарылыс-техникалық сараптама бірнеше кезеңнен тұрады, көру арқылы бақылау, тереңірек және егжей-тегжейлі зерттеу үшін жағдайды бағалау қажет.
Сонымен қатар қандай да бір жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.
Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», - деп хабарлады ТЖД.