Бұл туралы облыстық аурухананың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- 1983 жылы туған ер адам өткен аптада реанимациядан урология және токсикология бөліміне түсті. Ол хаттамаға сәйкес ем алды. Дәрігерлер жәбірленушінің жағдайын қанағаттанарлық деп анықтады. Бүгін ол үйге жіберілді", - деп хабарлайды мобтың баспасөз қызметі.
Полицияның дерегі бойынша оқыс оқиға 28 қаңтар күні болған. Оқиға туралы олар түскі 14:10 шамасында білді. 38 жастағы ақтаулық тұрғынның денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған. Сондай-ақ екінші адам Toyota Prado көлігінде ес-түссіз жатқан жерінде табылды.