Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері 25 мамыр күні бірыңғай «Ашық есік» күніне шақырады. Мақсат – қатерлі ісік ауруларының алдын алу, деп хабарлайды mangystaumedia.kz орталықтың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ашық есік» күні таңертеңгі сағат 09.00-ден түскі сағат 13.00-ге дейін өтеді. Тұрғындарды облыстық онкологиялық диспансердің хирург, онколог, онкогинеколог және маммолог мамандары қабылдап, тегін кеңес береді.
Осы іс-шара аясында асқазан, ұйқы безі және бауыр қатерлі ісігі, қатерлі ісіктердің даму қаупінің факторлары, ерте диагностика мүмкіндіктері, әртүрлі акциялар, дәрістер, семинарлар, конференциялар мен вебинарлар, шеберлік сыныптары тұрақты түрде өтеді. Шараның мақсаты – халықтың қатерлі ісік туралы мағлұматын ұлғайту және ерте емделудің артықшылықтарын білу.