3-4 мамыр күндері Тұрыш ауылында аялдаған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 5 мамыр күні Сам ауылына келіп аялдап, тұрғындарды қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Денсаулық пойызын ауыл тұрғындары күтіп алып, қажетті көмектерін алды. Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Тұрғындарға медициналық консультациялардан бөлек, медиациялық-құқықтық және психологиялық көмек те көрсетілді.
Айта кетейік, «Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әріптестігі негізінде жүзеге асырылып жатыр.