Қарақия ауданындағы ауыл әкімдері елді мекендердегі жем-шөп қоры туралы ақпаратты баяндады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олардың айтуынша, бүгінде аудан аумағының қорында 139,2 тонна жем және 326,7 тонна шөп бар, яғни жем-шөп жеткілікті деңгейде.
Аудан әкімінің орынбасары Талғат Әбдіқадыров жем тапшылығын болдырмау үшін әкімдер жұмысты осы бағытта жалғастырып, жағдайды ерекше бақылауда ұстауы керек екенін атап өтті.
-Әр ауыл әкімі жеке қосалқы шаруашылықтың қажеттіліктері туралы толық ақпаратқа ие болуы тиіс, - деді Талғат Әбдіқадыров.