Маңғыстау облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасы, жергілікті полиция қызметі және әкімшілік кәсіпкерлік бөлімі қызметкерлерінен арнайы мониторингтік топ құрылып, ірі сауда орындарының кіреберісіндегі қайырымдылық жәшіктерінің заңдылығы тексерілді. Сонымен қатар, аталған сауда нүктелерінің иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Рейдтің негізгі мақсаты – қайырымдылыққа берілген қаржының жеке мақсатқа жұмсалуын бақылау.
Осындай жәшіктерге жиналған ақшаның заңсыз діни іс-шараларға жұмсалғаны анықталған болатын.
Маңғыстау облысының полиция департаменті мұндай заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 258-бабында көзделгенін ескертіп, облыс тұрғындары мен қонақтарын мешіттерде орналасқан арнайы орнатылған қайырымдылық жәшіктерін пайдалануды сұрайды.