Ақтауда қаңтарда екінші кезектегі тұрғын үйлердің орташа ұсыныс бағасы өзгерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2023 жылғы қаңтарда мына қалаларда үйге бағалар өсті: Алматы және Қызылорда қалаларында 1,5%; Атырау, Шымкент, Павлодарда 1-1,1%-ға.
Ал, Көкшетауда (-2,3%), Петропавлда (-0,7%), Семейде (-0,5%), Ақтауда (-0,4%) төмендеген. Ақтауда қаңтар айында шаршы метр - 320 060 мың теңге болған.