Маңғыстау облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласында тұратын 1994 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысының тумасы ұсталған.
Ұсталған азаматтың жалдамалы пәтерін тінту кезінде синтетикалық есірткі заты «мефедрон» салынған 320 бума, «марихуана» есірткісі бар 13 бума, 2 электронды таразы және 2 695 000 теңге көлеміндегі қолма-қол ақша тәркіленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz деп хабарлайды аймақтың полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы:
«Мефедрон» - 946,32 грамм, «марихуана» - 229,31 грамм.
Аталған факті бойынша ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр.