Маңғыстау облыстық соты екі сотталушыға қатысты үкімді прокурордың өтінішхаты және сотталушылармен адвокаттарының шағымдары бойынша қарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қалалық сотымен К. лауазымды тұлға бола тұра, мемлекеттік лауазымды атқара отырып, пара берушінің пайдасына қасақана делдал арқылы пара алуға оқталғаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 366-бабының 2-бөлігі), 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Ш., пара беруші мен пара алушының арасындағы пара алу және беру туралы келісімді жүзеге асыруға ықпал еткені үшін (ҚК-нің 368-бабы 1-бөлігі) кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
«Прокурор тағайындалған жаза мөлшері тым жеңіл екендігін көрсете отырып, К.-ны өзі берген кәсіби антын бұза отырып, сыбайлас жемқорлық санатына жататын ауыр қылмысты жасағанын ескеріп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сотталғандар және адвокаттары сот үкімін бұзып, оларды ақтауды сұрады», деп жазылған Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Маңғыстау облыстық соты апелляциялық өтінішхатпен шағымдарда көрсетілген уәждерді тексеріп, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырып, К.-ға қатысты үкімнің жаза тағайындау бөлігін өзгертіп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ұлғайтты. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.