Ақтау-Жаңаөзен бағытының Мұнайлы ауданынына қарасты аумағындағы автокөлік жолында көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кеше кешкі сағат 20:23-те Ақтау-Жаңаөзен бағытындағы көлік жолында 2008 жылы шыққан "Mazda MPV" маркалы автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Көлік өртін ауыздықтауға Өрт сөндіру басқармасының жеке құрамынан 5 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылған. Өрт толық сөндірілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болмаған.