Ақтауда кейбір шағын аудандарда ыстық су уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"МАЭК" ЖШС жөндеу жұмыстарына байланысты қаланың төменгі шағын аудандарына ыстық су беру 16 сәуір күні сағат 21.00-ден бастап уақытша тоқтатылады. Сағат 22.00-ден бастап облыс орталығының жоғарғы және төменгі аймақтарында ауыз судың қысымы төмендейтінін хабарлаймыз. 17 сәуірде сағат 8:00-ге дейін ыстық сумен жабдықтауды қайта бастау және қалаға ауыз су қысымын қалыпқа келтіру жоспарланып отыр», - деп жазылған хабарламада.
Осы ретте «МАЭК» ЖШС тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұрап, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.