Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар делінген. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯНЫ КІМДЕР АЛА АЛАДЫ?
Мәселесіне байланысты:
• Алимент өндіру мәселелері бойынша жеке тұлғалар (ері де, зайыбы да консультация ала алады)
• Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша жеке тұлғалар
• Оңалту мәселелері бойынша жеке тұлғалар
• Босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғалар
• Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар мәселелері бойынша жеке тұлғалар
• Асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғалар
• Жұмыспен байланысты денсаулықтың зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғалар
Мәртебесіне немесе жағдайына байланысты:
(құқықтар мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша):
• Сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандары
• Адам саудасының құрбандары
• Азаптауға ұшырағандар
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес кез-келген мәселелер бойынша:
• Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын тұлғалар
• Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар
• Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері
• Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері
• Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар
• Жасы бойынша зейнеткерлер
• Көп балалы отбасылар
• Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдар (отбасылар)
ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯ БЕРЕТІН ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫ МЕН АДВОКАТТАРДЫ ҚАЙДАН ТАБУҒА БОЛАДЫ?
Тегін құқықтық консультация беретін заң консультанттары мен адвокаттардың тізімі Маңғыстау облысының әділет департаментінің сайтында орналастырылған. Сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/activities/22327?lang=kk немесе gov.kz→Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі→Аймақтар→Маңғыстау облысының әділет департаменті→Қызметі→Мемлекет кепілдік берген заң көмегі.
Сондай-ақ, тікелей Маңғыстау облысының заң консультанттары палатасына немесе Маңғыстау облысының адвокаттар алқасына жүгінуге болады.
Маңғыстау облысының заң консультанттары палатасы:
Ақтау қаласы, 7 шағын аудан, 7 үй, 77 кеңсе, тел: 8 (777) 210-93-18
Электрондық пошта: urpalata.12@yahoo.com
Instagram желісіндегі парақшасы: palata_yuristov_mang
Маңғыстау облысының адвокаттар алқасы:
Ақтау қаласы, 5 шағын аудан, 7 үй, 16 кеңсе, тел.: 8 (7292) 52-26-69, 52-26-48
Электрондық пошта: kamo-aktau@mail.ru
Сайт: www.kamo.kz
Адвокаттар алқасында аптасына 7 күн сағат 9:00-18:00 аралығында кезекші адвокат қызмет көрсетеді.
Маңғыстау облысының Әділет департаменті
Телефон: 30-20-11. Instagram желісіндегі парақша: mangystau.adiletgovkz