Қарақия ауданының Құрық ауылында оншақты жасөспірім көшеде ІІІ топ мүгедектігі бар 14 жастағы баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысының полиция департаменті жасөспірімдердің кәмелетке толмағанды ұрып-соғуына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қазіргі таңда аталған іс бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктілерді анықтаған.
«Іс Маңғыстау облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Сонымен қатар, 2023 жылы болған оқиға бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», - делінген хабарламада.
Жасөспірімнің анасы былтыр да баласын бір топ жасөспірім соққыға жыққанын айтты. Содан кейін баладан ІІ дәрежелі эпилепсия анықталған.