Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бірнеше жыл бойы тоқтап тұрған ауданаралық маршруттардың іске қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Осы уақытқа дейін тоқтап тұрған келесі тұрақты автобус маршруттарының конкурсы 24 қаңтар күні өткізілген:
1-лот «Ақтау-Форт-Шевченко-Ақтау» маршруты.
2-лот «Ақтау-Жетібай-Ақтау» маршруты.
3-лот «Ақтау-Құрық-Ақтау» маршруты.
4-лот «Ақтау-Шетпе-Ақтау» маршруты.
5-лот «Ақтау-Бейнеу-Ақтау» маршруты.
“Конкурстық комиссия құрамында Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, Маңғыстау облысы полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының, Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының және Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері болды. Конкурс нәтижесінде «Caspian Trans Corporation» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Конкурсқа «Yutong» маркалы, жолаушылар үшін барлық жағдайлармен қамтамасыз етілген, комфортабельді жаңа 10 автобус ұсынылды.
Басқарма тарапынан 2024 жылғы ақпан айында осы жаңа автобустарды желіге шығарып, жоғарыда аталған тұрақты автобус маршруттарын ашып, халыққа жаңа автобустарын табыстау жоспарланып отыр” делінген хабарламада.