Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 3502 әскери бөлімінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстың жолын кесу мақсатында профиклактикалық кездесу өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шара барысында «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» жүзеге асыру мақсатында есірткі заттардың зияндылығы және қылмыстық жауапкершілігі туралы айтылды. Аталмыш кездесуге Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Камил Будайчиев қатысты. Басқосу барысында нашақорлыққа қарсы әлеуметтік видеолар көрсетілді.